Астанада тарих пәні бойынша студенттердің республикалық олимпиадасы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада тарих пәні бойынша студенттердің республикалық олимпиадасы басталды

30.03.2018

Бүгін Астанада студенттердің тарих пәні бойынша Х республикалық олимпиадасы басталды. Білім бәйгесіне елдегі 11 жоғарғы оқу орнының шәкіртері қатысуда. Олар 3 кезең бойынша бақ сынайды. Әуелі өздерін таныстырып, кейін әр топ студентінің білімі жекелей сарапқа салынады. Қорытынды кезеңде болашақ тарихшылар «Рухани жаңғыру» бойынша өз жобаларын қорғайды. Өткен жылғы республикалық олимпиадада Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттері жеңімпаз атанған. Сол себепті биылғы бәйге осы оқу орнының қабырғасында өтіп жатыр.

Тілеген Садықов, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

- Олимпиаданың мақсаты қандай? Біріншіден, талантты, ғылымға бейім, мықты жастарды тәрбиелеу. Екіншіден, ғылым саласына олардың қосқан үлесін анықтау. Өйткені, ұрпақ жалғастығы деген маңызды мәселе бар. Бүгінгі ғалымдар ортасын кейінгі жас ұрпақ толтыру керек. Соған байланысты біз осы олимпиаданы жыл сайын өткізіп тұрамыз.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу