Қазақстанның ең ірі қаласы зілзалаға дайын ба?
Әлемдегі ең ірі соңғы зілзала 2010 жылы Гаитиде болған еді. Қаңтардың 12-сі күні Гаити астанасынан 22 шақырым жерде магнитудасы 7-ге дейін жеткен жер сілкінісі тіркеліп, кейін тағы бірнеше дүмпу болған. Бұл табиғи апат кезінде 222 570 адам қайтыс болып, 311 мың адам жарақат алған, 869 адам із-түзсіз жоғалған.
Ал Анадолы таулары сол аумақтағы сейсмика жағынан ең белсенді әрі ең қауіпті өңір болып есептеледі. Түркиядағы ең ірі жер сілкіністеріне тоқталсақ. 1992 жылы Эрзинджан қаласының жанында 7-8 балдық, 1999 жылы Измитте магнитудасы 7,6 зілзалалар болған.
Қазақстанға келсек. Сейсмикалық қауіпті аймақтарға елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы жатады. Яғни, Шығыс Қазақстаннан бастап, Қызылорда облысына дейін. Мамандар бұл жақтарда да 7-9 балға дейін жететін жер сілкінісі болуы мүмкін дейді. Соңғы 5 жылда Қазақстанда 40 мыңға жуық жер сілкінісі тіркеліпті. 2018 жылы - 8500, 2019 жылы - 7800, 2020 жылы - 9500, 2021 жылы - 6700, 2022 жылы - 6900. Бірақ олардың 66-сын ғана адамдар сезген.
Қазақстанда сейсмикалық қаупі жоғары аймақ Алматы екені белгілі. Ең ірі жер сілкіністері 1887 және 1911 жылдары болған. Ал Түркиядағы жағдайдан соң алматылықтар да алаңдай бастады. Әлемдік ғалымдар Түркия мен Сириядағы зілзалалардың себебі мен салдарын талдап жатыр. Соңғы 10 жылда әлем бойынша мұндай магнитудалық екі-ақ жер сілкінісі болған. Жойқын дүмпулердің зардабы да ауыр болуы сондықтан. Әрі зілзаланың түнде өткені де жағдайды күрделендірді. Адамдар қалың ұйқыда еді. Дегенмен сарапшылар мыңдаған ғимараттың жермен жексен болуына зілзаланың қуаты ғана емес, құрылыстың сапасыздығы да әсер еткенін айтып отыр.
Бұл Кеңес өкіметі кезінде салынған ғимараттар. 308-ші серия дейтін кірпіштен жасалынған ғимараттар. Ағаш қаңқалы ғимараттар және 275-ші типтік серияға жататын кірпіштен салынған үйлер жатады.
Мамандардың айтқан үйлері, міне осылар. Қабырғалары, яғни қаңқасы кірпіштен немесе ағаш пен қамыстан көтерілген. Алматыда мұндай баспананың саны 1400-ге жуықтайды және олардың басым бөлігі қазір апатты жағдайда.
Үйдің жағдайы өте нашар. Ертең жер сілкінісі болатын болса, бірініш кезекте осы үй кетеді. Біз құжаттарымызды, чемоданымызды жинап отырмыз. Егер дүмпу болса, сыртқа шығып кетеміз. Бірақ, бізге басқа үй беретініне кім кепіл?
Қазір ғимараттар бір-біріне тым тығыз салынады. Сондай-ақ 20-25 қабатты үйлер көптеп тұрғызылып жатыр. Олардың биіктігін шектеп, 12 қабаттан асырмау керек. Қала құрылысына жауапты мекемелер осы мәселеге назар аударса екен. Жаңадан бой көтеріп жатқан нысандардың сейсмикалық жағдайға қаншалықты төзімді екенін тағы бір рет тексерген жөн.
Әлемдік әдістерді қолдану арқылы біздер есеп жасаймыз. Қазір бүкіл әлемде мұндай аспап жоқ. Жер сілкінісі осындай уақытта болады, мынандай күшпен болады деген. Қарқындылығы жеті балдан аспайтын жер сілкінісі біздің болжамдар бойынша жоқ деп айта аламыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
