Байқаушы болуға жастардың ынтасы артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байқаушы болуға жастардың ынтасы артып келеді

11.02.2023

Байқаушы болуға жастардың ынтасы артып келеді. «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының төрағасы Төлеген Күнәділов осылай дейді.

Бірнеше ұйымнан құралған бірлестік 19 наурызға белгіленген Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауының әділ өтуіне атсалыспақ. Қазақстанның әр өңіріндегі 160-тан астам серіктестер барлық учаскеге өз байқаушысын жібереміз деп отыр.

Серік Селеубай


Хабарламаларға жазылу