БАҚ өкілдеріне алдағы сайлаудың ережелері түсіндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БАҚ өкілдеріне алдағы сайлаудың ережелері түсіндірілді

10.02.2023

Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауға отандық БАҚ өкілдері де дайындалып жатыр. Бүгін арнайы семинарда саяси науқан жайлы объективті және ашық түрде ақпарат таратудың жолдары талқыланды. Орталық сайлау комиссиясының бастамасымен өткен жиында мамандар қазақ тілді БАҚ өкілдеріне алдағы сайлаудың ережелерін түсіндірді. Айта кетерлігі, алдағы сайлаудың бірқатар өзгешелігі бар. Мәселен, биыл алғаш рет аралас сайлау жүйесі қолданылмақ. Және азаматтарға өзін-өзі депутаттыққа ұсыну мүмкіндігі берілді.

Ламбриан Топузидис


Хабарламаларға жазылу