«Ауыл» партиясынан Мәжіліс сайлауына 25 кандидат ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ауыл» партиясынан Мәжіліс сайлауына 25 кандидат ұсынылды

10.02.2023

«Ауыл» партиясы Орталық сайлау комиссиясына Парламент Мәжілісіне арналған партиялық тізімін ұсынды. Бұл тізім партияның съезінде қабылданған. Кандидаттардың жалпы саны - 25. Оның ішінде 6 әйел, инклюзивті қоғамның бір өкілі және 3 жас бар. Квотаға сай келетін ұсыныс. Кандидаттардың орта жасы 43. Ең жасы 25-те.

Анас Баққожаев, «Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасары:

Екі адамымыз 2022 жылғы ҚР Президенті сайлауына кандидат болып қатысқан. 7 адам 2021 жылғы парламент мәжілісіне кандидат ретінде қатысқан және де 25 адамның 15-і аграрлық білімі бар, нақты өндірісте, секторда жүрген азаматтар бар.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу