Түркияда Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековті іздестіру әлі жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековті іздестіру әлі жүріп жатыр

09.02.2023

Түркияның Хатай провинциясында үйінді астында қалған отандасымыз Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековті іздестіру әлі жүріп жатыр. Таңға жуық кран жеткізілген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен аттанған қазақстандық құтқарушылар жасағы мен кинологтар да сонда. Мирболаттың інісі Алматтың сөзінше, жаңа ғана бетон жамылғылар астынан үш жеткіншек шығарылған. Үшеуі де дін-аман. Сондықтан жерлестеріміздің аман-есен табылуына үміт мол. Еске салайын, жоғалған үш отандасымыздың бірі - Сабина Мамадиярова кеше алты метрлік тереңдіктегі үйіндінің астынан шығарылған еді. Қазір жағдайы қалыпты.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу