«Amanat» партиясы Мәжіліс сайлауына 119 кандидат ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Amanat» партиясы Мәжіліс сайлауына 119 кандидат ұсынды

07.02.2023

«Amanat» партиясы Мәжіліс сайлауына 119 кандидат ұсынды. Оның 29-ы бір мандаттық округтер бойынша алдағы науқанда бақ сынайды. Ал мәслихаттар сайлауына саяси құырылым 3 821 кандидат ұсынатын болды. Бұл туралы бүгін елордада өткен партияның кезектен тыс XXV съезінде белгілі болды.

Мәжіліске ұсынылған кандидаттар арасында бұрынғы Білім министрі Асхат Аймағамбетов, «QazVac» вакцинасын жасаушы, биологяилық қауіпсіздік саласындағы белгілі ғалым Күнсұлу Закарья, «Егемен Қазақстан» газетінің бас директоры Дихан Қамзабекұлы, даңқты палуан Дәулет Тұрлыханов бар.

Төменгі палатаға ұсынылған әр бесінші кандидат – жас буын өкілі. Үміткерлердің 29 пайызы әйелдер. Құрылтайда партия төрағасы соңғы бір жылда өңірлердегі кездесу аясында тұрғындардан 200 мыңнан астам талап-тілек пен ұсыныс түскенін айтты. Сондықтан алдағы сайлауда баршамызға үлкен жауапкершілік жүктелген, - деді.

Ерлан Қошанов, «Amanat» партиясының төрағасы:

Бұл құрамда барлық өңірдің, барлық саланың өкілдері бар. Олар беделді, білімді, білікті тұлғалар. Нағыз патриот азаматтар. Олардың артында өздеріңіздей адал партияластар бар. Қалың орман халқымыз бар.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу