Әділетті Қазақстанда сыбайластыққа орын жоқ. Халыққа болсын дейтін, өз ісін жетік меңгерген азаматтар депутат болып сайлануы керек. Әлеуметтің әл-ауқатын көтеру, барлық саланы дамыту, ана тіліміздің өсіп-өркендеуіне көңіл бөлу. Ел алдында жүрген азаматтар осыны басты назарда ұстаса, қоғам жаңарады. Алдағы сайлаудан мол үміт күткен қарапайым халықтың пікірі осы.
Әділетті сайлау болсын, және депутаттар кабинетінде отырмай халықтың жұмысын жасаса. Жұмыссыз жүргендер бар, соларға жаңа жұмыс орнын ашса, жұмыспен қамтамасыз етсе. Сондай көрсеткіштер көп болсын. Қатысамын, бір де бір сайлауды жіберген емеспін. Әрдайым дауысымды беріп тұрамын.
Жемқорлық жойылып, меритократия қағидалары орындалуы керек. Осы екі мәселе өте маңызды. Қолынан іс келетін, елді дамытуға атсалысатын азаматтар депутаттыққа келуі тиіс деп есептеймін.
Адамның қалауы болса, өзінің барғысы келсе, ешқандай талабым жоқ. Жастар бар, белсенді, инициаторлар, жастар, жақсылық болуы керек, қадаммен жайлап өзгеріп жатыр. Цифрландыру бізде дамыған. Қазақ тіліне мән беру керек, программалар керек, заң шығару керек шығар тілге.