Елордада «Байтақ» жасылдар партиясының ІІ съезі өтті
Елордада «Байтақ» жасылдар партиясының ІІ съезі өтті.
Саяси құрылымның сайлауалды тұғырнамасы бекітілді. Мәжіліс депутаттығына тізім бойынша 18 кандидат ұсынылып отыр. Тағы төрт үміткер мажоритарлық жүйе бойынша сайлауға қатысады. Ал жергілікті мәслихаттарға 160 кандидат тіркелген. Саяси құрылым елдегі экологиялық проблемалармен қатар, халықтың табысын арттыру мен әлеуметтік мәселелерді шешуге басымдық беруді көздеп отыр. Жиынға аймақтардан да делегаттар қатысты.
Айта кетейік, әлеуметтік әділеттілік, халықтық демократия және экологияға ұқыпты қарау қағидаттарын ұстанған «Байтақ» партиясы өткен жылдың соңында құрылған болатын.
Азаматхан Әміртай, «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы:
Партия құру үшін 7 жылдай қозғалыс болып жұмыс істедік. Барлық осы халық арасындағы мүдделес адамдарды өз арамызға жинап, солармен бірігіп партия құрып отырмыз. Негізгі мақсатымыз – қоршаған ортаны қорғау. Екінші адам денсаулығы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза Қазақстан»: Қарағанды облысында мектеп оқушыларына арналған экологиялық танымдық дәріс өтті
23.01.2026, 10:31
Қостанай облысында соңғы 4 жылда «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқасында 400-ге жуық бала дүниеге келді
23.01.2026, 10:29
Ақмола облысында балықшылар мен аңшыларға 8,5 млн теңге айыппұл салынған
23.01.2026, 10:26
Медицина университетінің студенті ұшақта жолаушының өмірін сақтап қалды
23.01.2026, 10:01
Президент: Цифрландыру халыққа қызмет етуі керек
23.01.2026, 10:01
Сатып алу құқығымен берілетін жалдамалы тұрғын үйді онлайн рәсімдеуге болады
23.01.2026, 10:00
Ресейде қатерлі ісікке қарсы жаңа дәрі шығарылды
23.01.2026, 09:59
Венесуэллада денсаулық сақтау саласының қызметкерлері Мадуроның босатылуын талап етті
23.01.2026, 09:58