«Адал сайлау үшін» штабының жұмысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Адал сайлау үшін» штабының жұмысы басталды

03.02.2023

Бүгін «Адал сайлау үшін» штабының жұмысы ресми түрде басталды.

«Қазақстан заңгерлер одағының» мүшелері еліміздің барлық аймағында халыққа сайлау заңнамасының негізгі ережелерін түсіндіретін болады. Әр азамат таңдау жасамас бұрын өз құқығын жетік біліп, кандидаттарға артылған жүкті жете түсінуі тиіс, дейді заңгерлер. Сондай-ақ, «Адал сайлау үшін» штабының жұмысы барысында сайлау процесіне қатысушыларға құқықтық көмек көрсетіледі және азаматтық қоғам мен халықаралық ұйым өкілдерімен бірлесе жүйелі жұмыстарды атқару жоспарланған.

Серік Ақылбай, «Қазақстан заңгерлер одағының» РҚБ төрағасы:

Орталықта 7 адам бар, олар штабтың мүшелері. Әр өңірде пул құрғанбыз. Өңірлерде 150 адам бар. Олар халықпен кездеседі, олардың сұрақтарына жауап береді. Біз ешқандай үгіт-насихат жұмысын жүргізбейміз. Тек ғана заңды түсіндіру, заңдық көмек беру сияқты жұмыстарды өткіземіз.

 

Хабарламаларға жазылу