«Адал сайлау үшін» штабының мүшелері Ақтөбеде кездесу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Адал сайлау үшін» штабының мүшелері Ақтөбеде кездесу өткізді

01.11.2022

Әр сайлаушы өз құқығын толық білуі тиіс. Осы мақсатта «Адал сайлау үшін» штабының мүшелері Ақтөбеде кездесу өткізді.

Сақтаған Бәйішев атындағы университетте өткен жиынға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, студенттер мен оқытушылар қатысты. Заңгер Әбдікәрім Ақжанов жиналғандарға құқықтық кеңес берді. Сондай-ақ, алдағы саяси науқанның жай-жапсарына тоқталды. Әр сайлаушы өзінің азаматтық борышын орындап, таңдау жасағаны дұрыс. Себебі, бұл - Қазақстанның болашағы үшін жасалған үлкен саяси қадам.

Әбдікәрім Ақжанов, «Әділ сайлау үшін» штабының мүшесі:

Кімге дауыс беретініңізді ол жағын өздеріңіз білесіздер. Жақындарыңызға , туыстарыңызға айтып қойыңыздар. 18-ге толған соң құқықтарыңыз толық бар. Менің ойымша бұл жалғыз құқық қана емес, азаматтық міндет. Яғни барып дауыс беру.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу