Пешаварда мешітке шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пешаварда мешітке шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

02.02.2023

Пәкістанның Пешавар қаласындағы мешітте бомбаны іске қосқан жанкешті-лаңкес полиция формасын киіп барған. Сол себепті оны қауіпсіздік күштері негізгі кіреберісте тексермесе керек. Лаңкестің велосипедке мініп, кешенге кіріп бара жатқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Ол мешітке кіргеннен кейін алдыңғы қатарда намаз оқуға тұрып, бомбаны іске қосқан. Оқиға қаңтардың 30-да болды. Жарылыстан 100 адам қаза тапты. Олардың 97-сі -полиция қызметкері. Осы шабуылды ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен 20-дан астам адам ұсталған.

Жарылысты ешқандай топ мойнына алған жоқ. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу