Қазақтың ұлы композиторы, күйші Қазанғап туралы кітап жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақтың ұлы композиторы, күйші Қазанғап туралы кітап жарық көрді

01.02.2023

Қазақтың ұлы композиторы, күйші Қазанғап Тілепбергенұлы туралы тың туынды жарық көрді. Кітап авторы – белгілі өнер зерттеушісі, күйші Әбділхамит Райымбергенов. Еңбекке Қазанғап туралы тың деректер енген. 

 Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

461 беттік кітапты жазуға автор 4 жыл уақытын жұмсаған. Өйткені ол өз туындысында Қазанғап Тілепбергенұлының өмірбаянымен ғана шектелмей оның 73 шәкірті жайлы да толық ақпарат беруге тырысқан. Туындыға белгілі композитордың 73 күйі енген. Бір ерекшілігі кітаптағы күйлерді QR код арқылы тыңдап қана қоймай, оқырман оның бейнесін көруге де мүмкіндік алып отыр. Айта кету керек, кітаптың тұсаукесеріне оқырмандардан бөлек Қазанғап Тілепбергенұлының күйін тартып, бүгінге дейін мұрасын жалғап келе жатқан азаматтар жиналған.

Олардың арасында сонау Ақтөбеден келген, Қазанғаптың 40-тан астам күйін жатқа білетін 93 жастағы Жансүгір Жұмабаев та бар. Туынды авторы – Әбділхамит Райымбергеновтің айтуынша, кітап 600-ге жуық экспедициялық архивтік фотосуреттермен безендірілген.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу