Ұлттық арнада - сезім билері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада - сезім билері

20.05.2014
Ұлттық арнада - сезім билері
Вальс сөзі немістің «walzer» -  айналып билеу деген сөзінен шыққан.  Екі адам жұптасып, бірқалыпты немесе үдемелі жылдамдықпен айналып билейтін бал биі.
 
18 ғасырдың 70-жылдары Оңтүстік Германия мен Австрияда кең тараған шаруалар биінің лендлер деген түрінен бастау алған.  Вальс музыка жанры ретінде симфония, опера, балет, оперетта сияқты музыкалық шығарма түрлерінде кең қолданылады.
 
Қазақ музыкасында вальс дәстүрі М.Төлебаев («Бақыт вальсі»), Л.Хамиди («Қазақ вальсі»), Ш.Қалдаяқов, С.Мұхамеджанов, Н.Тілендиев, т.б. шығармашылығынан үлкен орын алған.
 
Бүгін 17.50-де Ұлттық арнадан сезім билері саналатын «Румба», «Вальс» және «Ча-ча-ча» билері туралы толығырақ мағлұмат ала аласыздар.  

Хабарламаларға жазылу