Астанада 100 мың оқушыға арналған 25 мектеп бой көтереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 100 мың оқушыға арналған 25 мектеп бой көтереді

27.01.2023

Биыл Астанада «Жайлы мектеп» жобасы аясында 100 мың оқушыға арналған 25 мектептің құрылысы басталады. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған қала әкімі айтты. Маңызды инфрақұрылымдардың жай-күйі туралы есеп берген ол ауыз су, жылумен қамту нысандары құрылысын аяқтау жоспарланып отырғанын айтты. Жеңіс Қасымбектің сөзінше әлеуметтік нысандар салу, ұзаққа созылған құрылыстарды аяқтау мен шағын орта бизнесті қолдауға бағытталған жүйелі жұмыстар жүріп жатыр.

Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:

Мемлекет басшысы осы мәселелер бойынша, жалпы қаланың инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылымы туралы арнайы тапсырмаларды берді. Және үлкен мәселе қаланы абаттандыру мәселесі, әлеуметтік нысандар, мектептер, балабақшалар бойынша ерекше тапсырмалар берілді.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу