Екі жыл ішінде үш ауысымды мектептер жойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екі жыл ішінде үш ауысымды мектептер жойылады

24.11.2014
Екі жыл ішінде үш ауысымды мектептер жойылады

Осы екі санаттағы 200-ге жуық білім ордасын салу үшін бюджеттен 70 миллиард теңге жұмсалмақ.

ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің айтуынша, биыл 150 мектеп іске қосылған. Оның 60-сы апатты жағдайда болған. Қалғаны – жаңа білім ордалары.

Ал, 2016 жылдың аяғына дейін 300-ден астам жаңа білім ордасы бой көтереді. 300 орыннан көбі республикалық бюджеттен салынса, 100-200 оқушыға арналған білім ордасын тұрғызуға қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу