Биыл бас қалада 13 мектеп пайдалануға беріледі

21.05.2020

Биыл бас қалада 10 мың оқушыға шақталған 13 мектеп пайдалануға беріледі. Ал алдағы екі жылда тағы 19 білім ұясы бой көтереді. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссияның отырысында айтылды. Сондай-ақ биыл елорданы газбен қамтамасыз ету жұмысы жалғасын табады. Газ жеткізудің алғашқы кезегі бойынша Көктал, Железнодорожный, Промышленный және «Оңтүстік-Шығыс» тұрғын үй алқаптарында құрылыс жұмыстары жүреді. Премьер-Министр мектеп, бала-бақша сынды әлеуметтік нысандардың құрылысы жоспарға сай жүру керектігін тапсырды. Қаланы абаттандыру жұмыстарын да ширату керектігі айтылды.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу