Елордада 100 мың оқушыға арналған 25 мектеп бой көтереді
Астанада "Жайлы мектеп" жобасы аясында 100 мың оқушыға арналған 25 білім ошағы бой көтереді. Мектептердің құрылысы биыл басталады. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған қала әкімі айтты.
Ол маңызды инфрақұрылымдардың жай-күйі туралы да есеп берді. Биыл ауыз су, жылумен қамтамасыз ететін бірқатар нысандардың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Жеңіс Қасымбектің сөзінше елорда әкімдігі әлеуметтік нысандар салуға, ұзаққа созылған құрылыстарды аяқтауға, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту және қаланы абаттандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сауалнама: Астаналықтар су үнемдей ме?
20.05.2026, 13:21
Талас өзенінің жағасын тазалады
20.05.2026, 13:18
Мәдениет мамандары ЖИ білімін жетілдіруде
20.05.2026, 13:15
Қазақстан мен Ресей бірлескен жобаларды арттыруға мүдделі
20.05.2026, 13:12
Бейжіңде Си Цзиньпин мен Владимир Путин саммит өткізді
20.05.2026, 13:09
Қабылданған заңдар – жаңа саяси модельдің негізі
20.05.2026, 13:06
Қос палата 6 заңды мақұлдады
20.05.2026, 13:03
Кения Президентінің Қазақстанға ресми сапары басталды
20.05.2026, 13:00