Талас өзенінің жағасын тазалады
Таразда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Талас өзенінің жағасы тазартылды. Облыстық :астар ресурстық орталығының ұжымы мен еріктілер 3 шақырым жаяу жүріп, тұрмыстық қалдықтарды жинады.
Өзен жағасына демалуға әрі көлік жууға келетін тұрғындар айналаның тазалығына
атүсті қарайды. Оған дәлел - пластик ыдыстар мен полиэтилен қалдықтарынан көз
сүрінеді. Жастар ол жерлерді жинағаннан кейін қаланың шығыс бөлігіндегі
автобекет маңын тазартты. Бұдан бөлек тағы бірнеше шағын ауданға бөлінген
100-ге жуық жас 3 тоннаға жуық қоқыс жинады.
Жалпы, жыл басынан бері өңірде
«Таза Қазақстан» акциясына 23 мыңға жуық адам қатысып, 5 мың тоннадан астам
күл-қоқыс шығарылды.
Ақәділ Ринат, облыстық Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:
Тазалық - табалдырықтан басталады. Өзінің ауласына немқұрайлы қарайтын азаматтар айналаға да солай қарайды. Бүгін, міне, осында - Талас өзенінің бойында қоқыстарды жинау жұмысын көріп жатырмыз. Адамдардың экологияға жаны ашымайды. Азаматтарды «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үлес қосып, тазалықты өзінен бастауға шақырамыз.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16