Қазақстан мен Ресей бірлескен жобаларды арттыруға мүдделі
Қазақстан мен Ресей арасындағы бірлескен жобалар санын арттыру қажет. Бұл екі елдің барлық саладағы ынтымақтастығын нығайтуға мүмкіндік береді. Сарапшылар осылай дейді. Қос мемлекет стратегиялық әріптес саналады. Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей Еуразиялық экономикалық одақ аясында да тығыз байланыс орнатқан. Ресей – Қытайдан кейін еліміздің екінші ірі сауда серіктесі. Екі ел арасындағы жылдық тауар айналымы 30 миллиард долларды құрайды. Оны ары қарай дамытуға әлеуемітіз жетеді дейді сарапшылар.
Жұмабек Сарабек, Әлемдік экономика
және саясат институтының сарапшысы:
Сауда экономикалық саладағы басты мәселе - Еуразиялық экономикалық одақ аясында жұмысты жалғастыру. Себебі әлі күнге дейін осы одақ аясында ірі өнеркәсіптік жобаларды дамыту мәселесі шешілмей келеді. Осы бағытта жұмыс жалғасуы керек. Одан бөлек ауыл шаруашылығы саласында мүмкіндіктер көп. Сондықтан бұл жерде Қазақстан мен Ресей бірге жұмыс жасап, экономикалық пайда көре алады.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда тағы жүз көшет екті
21.10.2026, 17:12
Ақтөбеде қағаз қалдықтарын өңдейтін зауыт салынып жатыр
21.10.2026, 17:10