Оралда коммуналдық мекеме басшысылығына қатысты іс сотта қаралуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда коммуналдық мекеме басшысылығына қатысты іс сотта қаралуда

26.04.2014
Оралда коммуналдық мекеме басшысылығына қатысты іс сотта қаралуда

Орал қаласында тағы да «Жайықжылуқуат» АҚ басшылығына қатысты  ісі сотта қаралуда. Лауазымды тұлғалар өткен жылдың қарашасында жылу орталығындағы мұржаның бірі істен шықты деп жөндеу жүргізу туралы «Жылумонтажсервис» серіктестігімен келісімшартқа отырады.

 
Мердігерге 16 миллион теңге көлемінде алдын-ала төлем де жасалған. Алайда, мұның бәрі көзбояушылық болып шықты. Прокурорлық тексеру барысында мұржаның қалыпты жұмыс істеп тұрғаны анықталды.
 
Саят Әбділманов, облыстық прокуратура басқармасының басшысы:
Қазіргі таңда Қаржылық бақылау инспекциясының «Жылумонтажсервис» ЖШС –мен келісімшартты бұзу және негізсіз төленген 16,4 миллион теңгені қайтару туралы талап-арыз сотта қаралуда. Бұған қоса, коммуналдық кәсіпорын «Акватория-Ақтөбе» серіктестігімен есепке алу құралын жеткізу және орнату жөнінде келісімшартқа отырған. Алайда, бұл жұмыс та орындалмаған.
 
 
Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу