Басты Жаңалықтар АҚШ Украинаға отыз бір «Abrams» танкісін жібереді

АҚШ Украинаға отыз бір «Abrams» танкісін жібереді

Украина Нато стандарттарына сай жүздеген танкі алатын болды. Германия мен қатар АҚШ-та өзінің Абрамстарын беретінін мәлімдеді. 

Америка жалпы құны $400 млн болатын 31 Abrams танкілерін жеткізеді. Президент Джо Байден мұндай шешімін Ақ үйде жариялады. Бұл әскери көмек Киевке соғыста басымдыққа ие болу үшін қажет. Себебі, Ресей жақын апталарда жаппай шабулға әзірлік жасап жатса керек. Осы орайда Германияның да барыс2 танкілерін беруге келіскені де құптарлық іс, дейді Ақ үй басшысы.

Джо Байден, АҚШ Президенті:

АҚШ одақтастарымен иық тіресе, Украинаны қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Путин Еуропа мен АҚШ қолдауы уақыт өте келе әлсірейді деп ойлады. Ол қателесті. Ол әуел баста қателесіп қалған еді. Біз біртұтаспыз. «Америка біртұтас, әлем де солай».
Десе де АҚШ Германияны танкі жіберуге көндіру үшін ғана абрамстарын беруге келіскені анық дейді сарапшылар. Өйткені, бұл қымбат қана емес, реактивті отынмен жүретін аса күрделі танкі. Сондықтан, оны пайдалану да оңайға соқпайды. Ал, украйн әскерлеріне абрамстарды басқаруды үйрету көп ұзамай басталады. Демек, Украинаға қазір қажет бұл танкілері соғыс алаңында бірнеше айсыз көрінбейтін секілді. 

Жалғас Сәдібекұлы
Бөлісу