Павлодарда түс ауа  ақ түтек боран басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда түс ауа  ақ түтек боран басталды

11.01.2018

Павлодарда түс ауа  ақ түтек боран басталды. Ауа райының қолайсыздығынан мектептерде оқу тоқтатылды,  Алматы-Павлодар, Астана-Павлодар әуе рейстері кейінге шегерілді.

Қазір аймақтың кейбір аудандарында секундына 30 метрге дейінгі жылдамдықпен жел соғып тұр. Төтенше жағдайдың алдын алу қызметі жергілікті тұрғындарға алдағы екі күнде жолға шығу қауіпті екендігін ескертуде. 

Ерлан Макин, жол-патрулдік полициясының аға инспекторы:

Таңертең күн ашық болды. Боран түстен кейін басталды. Аудандарда түк көрінбейді. Желдің жылдамдығы өте қатты. біраздан кейін күн батады. Сондықтан, барлық бағыттарға жолды жауып тастадық. Ешбір көлік қаладан  шығарылмайды.       

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу