АҚШ-та ақтүтек боран соғып, халықты әбігерге салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та ақтүтек боран соғып, халықты әбігерге салды

04.02.2022

Америка Құрама Штаттарында қыс қаһарына мінді. Техастан бастап жаңа Англияға дейінгі аумақта боран соғып, қалың қар жауған. Салдарынан жолдарды көктайғақ басты. Қолайсыз ауа райынан елдің 25 штатында тұратын 110 миллионнан астам адам зардап шегіп отыр. 200 мыңдай абонент электр жарығынсыз қалған. Боран әуе тасымалына да кері әсер етті. 5500-дей ұшақ көкке көтерілмей қалған. Бас аяғы 3300-ге тарта әуе рейсі кейінге шегерілді.  

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу