Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы: Еліміздегі саяси өзгерістерге дайынбыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы: Еліміздегі саяси өзгерістерге дайынбыз

21.01.2023

Еліміздегі саяси өзгерістерге дайынбыз. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Төралқасы осындай мәлімдеме жасады.

Оппозициялық партияның сайтында: «Еліміздің болашағы алдындағы жауапкершілікті түсіне отырып, біздің партия алдағы сайлау науқанына қатысу туралы шешім қабылдады» деп жазылған.

Мәлімдемеде: «Еліміз өмірдің барлық салаларында жүйелі проблемалармен бетпе-бет кездесуде. Саяси және экономикалық ресурстарға қол жеткізу қиындап кетті. Байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық бар. Біз сайлауға қоғамда жылдар бойы жиылған мәселелерді шешу, азаматтардың құқықтарын кеңейту және саяси жүйені демократияландыру мақсатында қатысамыз» деп жазылған. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу