Қазақ ұлттық өнер академиясында оқу ғимараты жетіспейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ ұлттық өнер академиясында оқу ғимараты жетіспейді

20.01.2023

Қазақ ұлттық өнер академиясында оқу ғимараты жетіспейді. Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында академия ректоры Азамат Сатыбалды осылай деді.

Оның айтуынша, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында 3 корпус болса, өнер адамдарын дайындайтын жоғары оқу орнында тек 1 ғимарат бар. 2600-дей студенті бар академияда жатақхана мәселесі де өзекті. Сонымен бірге колледж бітіріп келген талапкерлерге 3 жылдық грант бөлу жайы да көтерілді. Ректор оларды мектеп бітіріп келген студенттермен оқыту тиімсіз дейді.

Азамат Сатыбалды, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры:

Жібек жолы, 100 деген мекенжай бойынша жаңа ғимаратты өзіміздің балансқа келісіммен алдық. Бірақ толық балансқа өткен жоқ. Мемлекеттік деңгейді толық балансымызға өткізетін болса, өзіміздің күшімізбен 1 қыркүйекке дейін ішіне толық  жөндеу жұмыстарын жасап, жаңа ғимараттың ашылуына өздеріңізді шақырсақ деген арманымыз бар.

Жиынға қатысқан Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов айтылған проблеманы шешу үшін министр Асхат Ораловқа тапсырма берді. Ғимаратты жөндеу үшін есептеу жүргізу керегін айтты. Ал колледжден келген студенттердің мәселесін қарастырамыз, деді.


Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу