Қорқыт мұрасы Парижде насихатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорқыт мұрасы Парижде насихатталды

18.04.2015
Қорқыт мұрасы Парижде насихатталды

Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб пәтерінде Қорқыт мұрасын насихаттауға арналған үлкен жиын өтті. Ұйымдастырушысы Халықаралық Түркі академиясы. ЮНЕСКО-ның штаб пәтерінде салмақты жиын өткізген алғаш қазақстандық мекеме.

Қорқыт - түркі жұртының мәдениеті мен руханиятын сабақтастырып жатқан алтын көпір. Өзі абыз, әрі жырау, күйші, көріпкел – бүкіл адамзат тарихындағы қайталанбас тұлғалардың бірі. Сондықтан өнердің киесі Қорқыт мұрасын насихаттау бүкіл түркі жұртының парызы іспетті.

Шараға Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия, Түркіменстан, Өзбекстаннан 200-ден астам адам қатысты.

Мәдени кешпен жалғасқан салтанатты жиында өнерпаздар Қорқыт күйлері мен қобыз иесіне арналған шығармаларды орындады. Және алғаш рет қазақтың қобызы мен скрипканың үндескен әуені Париж аспанында қалықтады.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу