Елордалық оқушы Абайдың 15 қара сөзін жатқа айтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық оқушы Абайдың 15 қара сөзін жатқа айтады

16.01.2020

Елордалық оқушы Абайдың 15 қара сөзін жатқа айтады. Ол №15 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Жұлдыз Рахматулла. Талапты жас қалалық «Абай әлемі» байқауына қатысып, I орынды жеңіп алды. Ал біздің тілшіміз одан қара сөздерді қалай тез жаттаудың құпиясын сұрап көрді.

Бұл Абайдың 7-ші қара сөзі. Жұлдыз ең бірінші осы жолдарды жаттаған. Өйткені алғаш оқығанда өзіне қатты әсер етіпті. Ал қазір Хәкімнің 15 қара сөзін мүдірмей айтады.

Прозалық шығарманы жаттау өлеңге қарағанда күрделі болса да, Жұлдыз оның оңай тәсілін тапқан.

Дана тұлғаның өмір туралы пайымдары — құнды қазына. Ал «Абай әлемі»  байқауы жастардан оны жатқа айтуды талап етеді. Сондықтан жарысқа қатысушылар кемеңгердің кем дегенде 9 қара сөзін білуі тиіс.

Ұлы ойшылдың тағы бір мұрасы – «Құлақтан кіріп бойды алар»  әсем әндері. Сондықтан байқауда оның әндерін орындаушылар да бақ сынады. Ал қылқалам шеберлері ақынның табиғат лирикасын қағаз бетіне бейнелеуден сынға түсті.

Осылайша, оқушыларға Абайдың мол мұрасы жан-жақты насихатталды.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу