Елімізде «Bestune Т77» кроссоверлері қолжетімді бағада сатылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде «Bestune Т77» кроссоверлері қолжетімді бағада сатылып жатыр

19.01.2023

Елімізде «Bestune Т77» кроссоверлері сатылып жатыр. Қытайда шығарылатын автокөлік өзінің қол жетімді бағасымен көптің назарына іліккен. Мамандар соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталған, сапалы темір тұлпарды өзі іспеттес көліктерден ерекшеленеді, дейді. 

Яғни, басқа қатарға ығысып кетіп, өзге көлікпен соқтығысу қаупі туса бірден белгі береді. Оған қоса салонында алты бірдей қауіпсіздік жастығы қарастырылған. Сыртқы және ішкі дизайны ерекше талғаммен жасалған. «Bestune Т77» кроссоверлері өзі іспеттес седан және жол таңдамайтын көліктермен салыстырғанда, біршама ерекшеліктерге ие.

Ерлан Қыдырқұлов, «Faworit Auto» компаниясының бренд менеджері:

Төмен көлемдегі қозғалқышына қарамастан жылдамдық асыру көлемі үлкен. Себебі бұл автокөлікте 169 аттың күші бар. Бұған қосымша тағы круизді бақылау жүйесі бар. Ең бастысы – өте үнемді, 9,7 секундте жүзге шығады.

«Bestune Т77» автокөлігі Қазақстан нарығында алғаш 2022 жылы пайда болды. Оны елге жеткізумен «FAWorit auto» дистрибьютерлік компаниясы айналысады. Темір тұлпардың құны өзі типтес көліктерден екі есе арзан. Сондықтан болса керек оған сұраныс артқан.


Диас Сембаев, қала тұрғыны:

Қытайдан әкелінетін көптеген автокөлікті білемін. Бірақ ішінде осы ғана ұнады. Жанармайды көп қажет етпейді, жол таңдамайды. Іші кең әрі қауіпсіз. Отбасына арналған көлік.

«Bestune Т77» автокөлігіне 5 жылға немесе 100 000 шақырымға кепілдік беріледі. Темір тұлпарды ақпан айының соңына дейін ескі бағамен сатып алуға мүмкіндік бар. Көлік иегері атанғысы келетіндерге екінші деңгейлі банктер арқылы автонесие де қарастырылған.


Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу