Сауда және интеграция министрлігі шетелден әкеленетін арзан тауарларды тексеріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауда және интеграция министрлігі шетелден әкеленетін арзан тауарларды тексеріп жатыр

15.11.2023

Сауда және интеграция министрлігі қазір шетелден әкелінетін арзан тауарлардың сапасын тексеріп жатырмыз,-дейді. Ол үшін ахуалдық штаб та құрылған. Енді сала аралық бақылау жүргізілмек. Яғни, егер сырттан келетін өнім белгіленген нормаға сәйкес келмесе, дүкен сөрелерінен алынып тасталады. Осылайша тым арзан бағада сатылып жатқан сапасы төмен тауарлар айналымға жіберілмейді.

Бауыржан Қасымов, ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары:

Кеден пункттеріне бардық. Өзіміз анықтап шықтық. Қазақстанға қалай тауар кіргізіліп жатыр біздің шекарадан? Және сауда мекемелеріне барып, күмән келтіретін, бағасы төмен тауарлардың тізімін анықтаймыз. Тиісті мемлекеттік органдар осы бағытта жұмыс атқарып жатыр.

Хабарламаларға жазылу