Украинада қарулы қақтығыстан 500 мыңнан астам көлік бүлінген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада қарулы қақтығыстан 500 мыңнан астам көлік бүлінген

19.01.2023

Қарулы қақтығыс басталғалы бері Украинада жарты миллионнан астам көлік бүлінді. Бұл туралы Автокөлік нарығын зерттеу институты мәлімдеді.

Алғашқы айларда темір тұлпар тасымалы толығымен тұралап қалған еді, алайда қазір нарық қайта жандана түскен. Бір жылға жуық уақытта ел аумағына 400 мыңнан астам жеңіл көлік өтті. Украина билігі 2022 жылдың сәуірі мен маусым аралығында елге кіргізілген көліктерді уақытша кедендік төлемдерден босатқан еді. Мұндай жеңілдікті пайдаланған украиналықтар жиырма мыңға жуық темір тұлпарды кедендік салықсыз елге жеткізген. Ал бүлінген көліктер бір жерге жиналып, ашық аспан астындағы мұражайға айналды.

Станислав Бучацкий, Автокөлік нарығын зерттеу институты басқармасының төрағасы:

Қарулы қақтығыс кезінде украиналықтар үшін көліктің маңыздылығы артпаса, кеміген жоқ, әрине. Украиналықтар көлікті жаппай сатып алып, қауіпсіз жерге жету үшін пайдаланды. Бастапқыда теңіз порттары жабылып, көліктерді Америкадан жеткізу уақытша тоқтаған еді, алайда уақыт өте келе қалыпты жағдайға оралды. Қазіргі күні жаңа логистикалық бағыттар пайда болды. 


Хабарламаларға жазылу