Өскеменде өзенге лас су ағызған кәсіпорынға қатысты тексеру басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде өзенге лас су ағызған кәсіпорынға қатысты тексеру басталды

17.01.2023

Өскеменде Үлбі өзеніне лас су ағызған кәсіпорынға қатысты кезектен тыс тексеру басталды. Май зауытының астыртын әрекетін сол маңдағы тұрғындар телефонға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Бұдан кейін сол жерге облыстық экология департаментінің инспекторлары барып, тұрғындардың шағымы расталады. Ереже бойынша кәсіпорын пайдаланған суды бетондалған арнайы шұңқырға төгуі тиіс болған. Алайда бұл ереже сақталмай, су терең жырға төгілген. Ол жерасты суымен араласып әсіресе көктем мен күзде Үлбі өзеніне құйылып отырған.

Қазір өзеннен және лас судан сынамалар алынып, сараптамаға жіберілді. Зерттеудің қорытындысы толық шыққан соң кәсіпорынға қатысты заңды шешім қабылданбақ


Хабарламаларға жазылу