Жапониядағы алапат су тасқыны: 2 адам қаза тапқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапониядағы алапат су тасқыны: 2 адам қаза тапқан

24.09.2022

Дүлей дауыл соққы берген Жапонияда алапат су тасқыны басталды.

Табиғи апаттан 2 адам қаза тапқан. Әсіресе Сидзуока қаласында ахуал күрделі. Бейсенбіден бері мұнда 417 мм жаңбыр жауған. Көшелер өзенге айналып, су мен электр жарығын беру үзілді. Ауа райы мамандары жауын әлі де жауатынын ескертіп отыр. Сонымен бірге тасқын қайта басталып, лай көшуі мүмкін.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу