Елімізде 30 мың адам әскерге барудан қашып жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 30 мың адам әскерге барудан қашып жүр

03.05.2022

Елімізде 30 мың адам әскерге барудан қашып жүр. Олардың сарбаз атанбауына жергілікті әкімдіктердің де кінәсі бар. Қорғаныс министрлігінің өкілдері осылай деп отыр. Жалпы, әскер қатарына шақырылу тиіс бозбалалардың бірі оқуда болса, екіншісі үйленіп алған. Медициналық тексеруден өтпей қалатындар да аз емес. Жыл сайын елімізде 200 мыңнан аса азамат әскерге шақырылса да, төрттен бірі ғана сарбаз атанады. Себебі әскердегі орын да шектеулі. Мысалы, биыл мерзімді әскери қызметке 34 мың адам ғана алынады. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жастарға әскерге шақырту SMS хабарлама түрінде де жіберіледі. Шақыруды алса да, медициналық комиссиядан өтуге келмейтіндерді полиция көмегімен ұстауға мәжбүрміз дейді, мамандар.

Серік Бұрамбаев, ҚР Қарулы күштері бас штабы бастығының орынбасары:

Ішкі істер министрлігіне тізім беріледі. Содан учаскелік полиция инспекторлары шақыру пунктіне алып келеді. Жалпы, естеріңізде болсын, әскерге шақырылуға, бізге әскерге алып келуге жергілікті әкімдіктер жауапты.

Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу