Сүңгуір құтқарушылар Алакөлге батқан жүргізушінің денесін тапты
Сүңгуір құтқарушылар Алакөлге батқан жүргізушінің денесін тапты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Абай облысының құтқарушылары суға кеткен адамның денесін 28 метр тереңдіктен шығарған. Бұл жұмыстарға министрлік пен аймақтағы жедел құтқару жасағынан 4 адам мен 1 техника, жергілікті атқарушы органдардан 25 адам мен 6 техника тартылды. Еске сала кетсек, кеше түс ауа «Нива» автокөлігінің жүргізушісі көлді мұз үстімен кесіп өтпек болған. Алайда, мұз жарылып, көлік суға кеткен. Жолаушы шығып үлгергенмен, жүргізуші суға батып кетті.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Психолог: Баланың интернетке тәуелділігін ерте анықтаған абзал
21.07.2026, 20:29
Құрылтай сайлауы – жаңа саяси кезең
21.07.2026, 20:27
Әскери оқу орындарына түсуді қалайтын жастар саны артып келеді
21.07.2026, 20:25
Әлеуметтанушы: Той өткізу мәдениетіне өзгеріс керек
21.07.2026, 20:19
Абай облысында қайтарылған активтер есебінен 27 нысан салынып жатыр
21.07.2026, 20:18
Ұлт ғылымының ұлы тұлғасы
21.07.2026, 20:17
Әскер туралы жалған ақпарат таратқан азамат сотталды
21.07.2026, 20:14
Телемедицина жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып жатыр
21.07.2026, 20:11