Анкарада түркі дүниесінің музыкалық білім беру қауымдастығы құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анкарада түркі дүниесінің музыкалық білім беру қауымдастығы құрылды

10.04.2015
Анкарада түркі дүниесінің музыкалық білім беру қауымдастығы құрылды

Анкарада түркі дүниесінің музыкалық білім беру қауымдастығы құрылды. Жаңадан құрылған ұйымның тізгінін ТҮРІКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов ұстады. 

Қауымдастық түркі елдері арасындағы мәдени қарым-қатынасты одан әрі арттыруға үлес қоспақ.  

Ұйымның ашылу рәсіміне орай өткен жиында сала мамандары музыкалық білім берудегі кедергілер мен оны жою жолдарын талқылады. 

Сондай-ақ, отырыста түркітектес мемлекеттердің ортақ музыкалық университетін құру керектігі айтылды.

 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу