Астана бойынша ең көп дауысты журналист Бибігүл Жексенбай жинады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана бойынша ең көп дауысты журналист Бибігүл Жексенбай жинады

14.01.2023

Астана қаласы бойынша Сенат депутаттарының сайлауында ең көп дауысты - палата төрағасының кеңесшісі, журналист Бибігүл Жексенбай жинады. Аумақтық сайлау комиссиясы дауыс берудің алдын ала қорытындысын жариялады. Сондай-ақ, таңдаушылар Астанадан шығып қалған сенатордың орнына да жаңа депутатты сайлады. Толығырақ сайлау учаскесінен бізбен байланысқа шыққан әріптесім Асылбек Данияр айтып беруге дайын.

Асылбек Данияр, тілші:

Сайлаушылар өз таңдауын жасады. Дауыс беру учаскесі заңға сәйкес сағат онда ашылды. Процеске қалалық мәслихаттың 31 депутатынан 29-ы қатысты. Олар Сенат депутаты атанатын 2 адамды таңдады. Бір кандидат Сенат депутаттығына, екінші кандидат мерзімінен бұрын мандатын тоқтатқан депутаттың орнына сайланды. Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова алдын ала нәтижелерді жариялады.

Бақыт Бектемісова, аумақтық Сайлау комиссиясының төрағасы:

Азбаев Бағдат Оразалдыұлы - 6 дауыс, ол 20,7%. Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы 18 дауыс. Ол құрайды бізде 62,1%. Мұхамбеталина Наримаш Абылқызы - 4 дауыс. + 13,8%. Бәріне қарсымын деген бюллетен саны - біреу. Жарамыз деп танылған бюллетен саны - нөл. Жойылған бюллетендердің саны - үшеу.

Қалалық мәслихат депутаты Ләззат Разбекова жаңадан сайланған сенаторлардан үлкен үміт күтетін айтады. Олар қоғамға пайдасын тигізіп, қордаланған мәселелерді шешуде барын салады деген пікірде.

Ләззат Разбекова, Астана қалалық мәслихат депутаты:

Кандидаттардың жасына емес кәсіби біліктілігіне, адами болмысына қарау керек деп ойлаймын. Тіпті, оның ер азамат немесе әйел екеніне де қарау маңызды емес. Ең бастысы - оның кәсібиі деңгейі, оның халыққа көрсетіп отырған пайдасы. Адами болмысы, тұлғалық болмысы өте маңызды.

Асылбек Данияр, тілші:

Бұл сайлаудың тек алдын ала қорытындысы. Нақты нәтижені Орталық сайлау комиссиясы алдағы күндері жариялайтын болады. Жалпы, науқан барысында ешқандай заң бұзушылық әрекеті тіркелмеді.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу