Қазіргі сын-қатерлер мен қауіптерге байланысты әскердің жауынгерлік әзірлік бағдарламасы қайта қаралды. Қорғаныс министрі Мемлекет басшысына атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Былтыр елімізде арнайы операциялар күштері құрылып, десанттық-шабуылдау әскерінің әлеуетін арттыруға баса көңіл бөлінді. Кездесуде Руслан Жақсылықов Қарулы Күштерді заманауи қару-жарақпен жабдықтау, аумақтық қорғаныс әскерін дамыту және бітімгерлік мүмкіндіктерін кеңейту жөнінде баяндады. Пайдаланылмайтын әскери мүлік пен қару-жарақты жою туралы есеп берді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау және моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту маңызды екенін атап өтті.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Қорғаныс министріне бірқатар тапсырма берді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/169744/)