Қ.Тоқаев Қорғаныс министріне бірқатар тапсырма берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Тоқаев Қорғаныс министріне бірқатар тапсырма берді

05.07.2022

Мемлекет басшысы еліміздің қарулы күштерін кешенді әрі жүйелі түрде жетілдіруді қамтамасыз ету қажеттігін айтты. Сонымен қатар жауынгерлік дайындықты жоғары деңгейде ұстап тұру керектігін атап өтті. Бүгін Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрін қабылдады. Руслан Жақсылықов жартыжылдықта атқарған жұмыстарының қорытындысы туралы есеп берді. Қазіргі уақытта басқару органдары мен жеке құрамды дағдарыс жағдайы кезінде тиімді әрекет етуге, орталық және жергілікті билікпен іс-қимылды үйлестіруді оқытуға басымдық беріліп отыр. Қорғаныс министрі оқ-дәрілердің қауіпсіз сақталуын қамтамасыз ету, армияны заманауи қару-жарақпен және әскери техникамен жабдықтау туралы есеп берді. Сондай-ақ кездесуде сарбаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әскери қызметшілер арасында әлімжеттік әрекеттерді болдырмау мәселесіне ерекше назар аударылды.

Хабарламаларға жазылу