«7-20-25» бағдарламасы бойынша 873 млрд теңгеге ипотекалық несие берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 873 млрд теңгеге ипотекалық несие берілді

09.01.2023

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 873 млрд теңгеге ипотекалық несие берілді. Бағдарлама арқылы 65 500-ден аса азамат кредит алған. Астана қаласында 23 мың, Алматыда 13 мың, Шымкентте 5 мыңнан аса адам баспананы 7 пайызбен ипотекаға алуға өтініш берген. Биыл бағдарламаға тағы 100 млрд теңге бөлінгенін бұған дейін Ұлттық банк өкілдері хабарлаған. Статистика бюросының дерегінше, қазір нарықта жаңа үйлердің бағасы 20-30 пайызға өскен. Сарапшылар бұған жеңілдетілген несие арқылы баспана сатып алуға сұраныстың көбеюі ықпал етті деп санайды. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу