12 млрд теңгеге ипотекалық несие берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

12 млрд теңгеге ипотекалық несие берілді

26.08.2021

Елде мыңнан аса тұрғын «Бақытты отбасы» бағдарламасымен баспаналы болды. Азаматтарға 12 млрд теңгеге ипотекалық несие берілген. 1,5 айда бағдарламаға қатысу үшін 37 мың өтініш түскен. Кредит мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған және «Алтын алқа», «Күміс алқа» иеленген көп балалы отбасыларға берілді. Ипотекаға тұрғын үй алған азаматтардың көбі Нұр-Сұлтан, Алматы, Маңғыстау облысында тұрады.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу