Талғат Ластаев: Маусым айында Астанадан Тегеранға тікелей рейс ұшады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талғат Ластаев: Маусым айында Астанадан Тегеранға тікелей рейс ұшады

31.05.2016
Талғат Ластаев: Маусым айында Астанадан Тегеранға тікелей рейс ұшады

ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жаңа рейстердің ашылатынын мәлімдеді.

Комитет төрағасының орынбасары Талғат Ластаевтың айтуынша, 2016 жылдың маусым айында Астанадан Тегеранға тікелей рейс ұшады. Иран тарабымен арадағы келісімге сай, Қазақстанның екі қаласынан Иран астанасына аптасына 14 рет рейс ұшады.

Т.Ластаевтың айтуынша, Ираннан санкциялар алынған соң, бұл елмен ынтымақтастық орнатамыз деген мүдделі тараптар көбейген. Бұл ретте,Қазақстан транзиттік нүктеге айнала алады.

«Иранға тек Бейжің қаласынан тікелей рейс ұшатындықтан, Қытайдың басқа қалалары Иранға Қазақстан арқылы ұша алады. Біз Үрімжі мен Сияньға рейс ұшырып отырмыз. Сондай-ақ, Ресейдің шығысындағы елдерден тразинт тасымалдануы мүмкін»,-деп түсіндірді ол.

Т.Ластаев хабарлағандай, биыл Астана, Алматы, Ақтау қалаларынан Сочиға тікелей рейстер ашылады. «Сондай-ақ, 2017 жылы Астанадан Токиға тікелей рейс ұшыру үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз»,-деді Т.Ластаев.

Хабарламаларға жазылу