Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға қаржылай төлем жасалмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға қаржылай төлем жасалмақ

09.01.2023

Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға берілетін азық-түлік пен тұрмыстық химия жиынтығы енді берілмейді. Оның орнына ақшалай төлем жасалады. Бұл өзгеріс ата-аналардың өтініші бойынша қабылданған. Әр балаға - 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде яғни 5 мың теңгеден аса төленеді. Бұдан бұлай ата-аналар балалардың қажеттілігіне байланысты керек тауарды өздері сатып алады. «Алтын алқасы» бар, «Батыр ана» атағын алған, сонымен қатар I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендері табысталған аналардың жәрдемақысы да ұлғаяды. Оларға енді ай сайын 25 530 теңге төленеді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу