АҚШ-тың Калифорния штатына екінші күн қатарынан дүлей дауыл соққы берді
АҚШ-тың Калифорния штатына екінші күн қатарынан дүлей дауыл соққы берді. Жел күшейіп, үздіксіз нөсер жауын жауса, кей жерлерде қалың қар түсті. Он мыңнан астам үй электр жарығынсыз қалған. Су тасқыны жүріп, тастар, ағаштар құлады. Көлік қатынасы қиындап, жолдар жабылған. «Рейтердің» дерегіне сай, қолайсыз ауа-райынан екі адам қаза тапқан. Дауыл қашан басылары белгісіз. Ауа райын бақылаушылардың мәліметінше, алдағы екі күнде тасқын күшейіп, сел жүруі мүмкін.
Шон Берри, АҚШ тұрғыны:
Жаңбыр түні бойы тоқтамастан тарсылдап жауды. Қатты жел соғып, қорқынышты дыбыстар естілді. Көшелер өзенге айналған. Тұла-бойымды үрей билеп, дөңбекши бердім.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Пхеньянда Си Цзиньпин мен Ким Чен Ын саммит өткізді
09.06.2026, 10:18
Иран мен Израиль атысты тоқтатуға келісті
09.06.2026, 10:17
Филиппин аралдарында зілзала салдарынан 10 мыңдай отбасы үйлерін тастап кетті
09.06.2026, 10:15
Талдықорғанда 3 жасар қызын ұрып-соққан әкеге сот үкімі шықты
09.06.2026, 10:14
Ақтауда мүгедектігі бар баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
09.06.2026, 10:12
Әлем чемпионатында Қазақстан тумасы ойнайды
08.06.2026, 20:58
Тау шатқалынан таңбалы тастар табылды
08.06.2026, 20:21
ҰБТ: Талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинады
08.06.2026, 20:14