Әлем «Аңыз адаммен» қоштасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем «Аңыз адаммен» қоштасып жатыр

30.12.2022

Аты аңызға айналған футболшы Пелені жерлеу рәсімі қаңтардың 3-де Бразилияның Сантос қаласында өтеді. Мұны жергілікті ақпарат құралдары хабарлап отыр. Қазір марқұмды әлемде миллиондаған адам еске алып, оның туған-туыстарына көңіл айтып жатыр.

Әлем «Аңыз адаммен» қоштасып жатыр

Заманымыздың ең ұлы да айтулы спортшылардың бірі - Пеле бейсенбі күні 82 жасында дүние салды. Сан-Паулудағы Альберт Эйнштейн ауруханасы әйгілі футболшының желтоқсанның 29-да жергілікті уақытпен 15:27-де тоқ ішек рагы асқынып, өзге органдарының зақымдауынан қайтыс болғанын хабарлап отыр. Және де теңбіл доптан жалғыз ғана 3 дүркін Әлем чемпионының қазасы туралы қаралы хабар Пеленің инстаграммдағы парақшасында да жарияланды.

Эдуардо Гончальвес Де Андраде, Бразилиялық бұрынғы футболшы:
Бүгін қайғылы күн. Пеленің өлімі - өмірдің соңы. Алаңда Пеле супержұлдызға тән барлық техникалық қасиеттерге ие еді. Мәңгілік есте қалады. Үнемі күлімсіреп жүретін, көпке қамқорлық жасады. Мен онымен бірге ойнағанымды мақтан тұтамын. Келер ұрпақ та Пелені еске алады, ұмытпақ емес. Отбасына қайғыра көңіл айтамын.

Әдемі ойында Бразилия үстемдігінің символына айналған қайраткерге қазір спорт, саясат және мәдениет әлемінен алғыстар жаудырылып, құрмет білдіріліп жатыр. Жексенбіде қызметінен кететін президент Жаир Болсонаро үкіметі болса, алдағы үш тәулікті аза тұту күндері деп жариялап, Пелені «қай жерде жүрсе де Бразилияның туын жықпаған ұлы азамат әрі патриот» деп атады.

ФИФА да жалауын төмендетіп, оның президенті Бразилияға және Пеленің отбасына көңіл айтты.

Джанни Инфантино, ФИФА президенті:
Футболды жақсы көретіндердің барлығы бұл хабарды естігісі келмеп еді. Бірақ, біз Пелені жоғалтпаймыз. Ол бізбен мәңгі қалады.

Пеле 1940 жылы қазанның 23-де Бразилияның Минас-Жерайс штатында дүниеге келді. Ол әлем чемпионы атағын 1958 жылы Швейцарияда, 1962 жылы Чилиде, 1970 жылы Мексикада ұтып алды. Жалпы алғанда, Пеле футболды 21 жыл ойлап, қарсыластың қақпасына кемінде 1281 гол салған екен.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу