Актриса Эмма Уотсон әлемдегі ең беделді адамдардың тізіміне енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Актриса Эмма Уотсон әлемдегі ең беделді адамдардың тізіміне енді

19.04.2015
Актриса Эмма Уотсон әлемдегі ең беделді адамдардың тізіміне енді

Тіme журналы әлемдегі ең беделді адамдардың тізімін жариялады. Британиялық актриса, фотомодель Эмма Шарлотта Дюэр Уотсон бұл тізімде 6-орында тұр. Ол Рим папасы Францискті, Далай-лама мен Барак Обаманы басып озған.

Танымал актриса 1990 жылы Парижде дүние келген.

9 жасында Гарри Поттер туралы фильмде Гермиона Грейнджердің рөлін сомдайды. Осы рөлі арқылы ол көптеген марапатқа ие болды.

2009 жылы Эмма табысы жоғары актриса ретінде Геннистің рекордтар кітабына енген.

2011 жылы Elle Style Awards жүлдесін салтанатты табыстау рәсімінде актриса әйгілі дизайнер Вивьен Вествудтің Style Icon марапатына ие болды.

2014 жылы Броун университетін тәмамдаған.

Ал, 2014 жылы Эмма Уотсон БҰҰ-ның ерікті елшісі болып тағайындалады. 

Хабарламаларға жазылу