Алматы әлемдегі ең арзан қалалар тізіміне кірді

18.11.2020

Алматы әлемдегі ең арзан қалалар тізіміне кірді. Дүниежүзі бойынша күнкөріс деңгейін есептеген мамандар мегаполисті 5-ші орынға жайғастырған. Рейтинг құрастыру үшін ғалымдар 130 мемлекеттегі тауар мен қызметтің 138 түрін таңдап, оның құнын есептеген. Арзан қалалар тізімінде Дамаск бірінші тұр. Гонконг пен Париж ең қымбат қалалар көшін бастаса, Сингапур төртінші орында тұр. Зерттеу жүргізген мамандардың айтуынша, пандемия кезінде ең қажетті тауарлар бағасы тұрақты болған.  

Ақерке Бектас


Алматы ең арзан қала Рейтинг

Хабарламаларға жазылу