СҚО-да білім бөлімінің басшысы қамалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да білім бөлімінің басшысы қамалды

29.12.2022

Солтүстік Қазақстан облысында Мағжан Жұмабаев аудандық білім бөлімінің басшысы «пара алды» деген күдікке ілініп, қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалды. 2020 жылы Петропавл қалалық білім бөлімін басқарған ол екі жаңа балабақшаны жергілікті кәсіпкерге сенімді басқаруға тапсырған.

Бұл мәселе қоғамдық резонанс тудырды. Тексеріс барысында кәсіпкер шенеуніктің күйеуі екені анықталды. Мектепте дейінгі мекемелер мемлекет меншігіне қайтарылып, бөлім басшысы қызметінен босатылған еді. Алайда көп ұзамай ол Жұмабаев ауданына тура сондай қызметке тағайындалды.

Айдос Жүнісов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының міндетін атқарушы:

Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау дерегі бойынша, қылмыстық іс тергелуде. Қазіргі таңда Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен Рамазанова қамауға алынды.
Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу