СҚО-да Білім бөлімінің мамандары оқушыларға алынған ноутбуктерді ұрлаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да Білім бөлімінің мамандары оқушыларға алынған ноутбуктерді ұрлаған

26.03.2021

Солтүстік Қазақстан облысындағы аудандардың бірінің білім бөлімі мамандары оқушылар үшін сатып алынған ноутбуктарды ұрлады деген күдікке ілінді. Нәтижесінде мемлекетке 12 млн. теңгеден астам шығын келтірілді. Техникалар пандемия кезінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардағы оқушыларға берілмек болған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері «бармақ басты, көз қысты» әрекеттерді анықтау шаралары ширап келе жатқандығын айтады. 

Данияр Бекайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі:
Жыл басынан 160-тан адам жемқорлық фактісі бойынша сотты болды. 34 азамат пара алғаны үшін, 79 адам пара бергені үшін жауапкершіліке тартылды. 46 адам бас бостандығынан айырылса, 16 азаматтың бостандығы шектелді. 96 адамға ірі көлемде айыппұл салынды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін рұқсат құжаттарынсыз заңсыз саудалау бойынша жемқорлық фактілері артып келеді. Мәселен, 10-наурызда Алматыда агроөнеркісіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің бөлім жетекшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол азық-түлік базарларының басшыларынан тұрақты түрде 10 мыңнан 60 мың теңгеге дейін пара алып келген. Нәтижесінде, өнімдер фитосанитарлық бақылаусыз сатылған. Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Өткен жылы осындай фактілер Алматы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында тіркелген.  

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу