Шымкентте түрмеге сәлемдемені дронмен жеткізбек болғандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте түрмеге сәлемдемені дронмен жеткізбек болғандар ұсталды

28.12.2022

Шымкентте түрмеге сәлемдемені дронмен жеткізбек болғандар ұсталды. Әуеде ұшатын қондырғы арқылы қауіпсіздігі жоғары мекеме аумағына түскен затты күзетшілер бірден байқаған.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы дронмен бір орам жеткізілгенін анықтаған. Оның ішіндегі өзгеше иісі бар жасыл түсті зат арнайы сараптамаға жіберілді. Жедел топ қызметкерлері бейнебақылау камералар көмегімен дрон ұшырылған мекен-жайды бірден тапты. Нәтижесінде оператор мен жүргізуші жасырынған үйден екі дрон мен өзге де заттар тәркіленген.

Қазір тапсырысты әуемен жеткізіп берушілердің ісімен тергеушілер айналысып жатыр. Олар заңға сәйкес, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу